• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 25 ноября, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

«Тең есеппен тарқасамыз»: словакиялық сарапшы пікір білдірді

Ұлттар лигасындағы матч туралы

16/11/2026
in Футбол
0 0
0
«Тең есеппен тарқасамыз»: словакиялық сарапшы пікір білдірді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Словакиялық Šport.sk басылымының тілшісі Даниэль Дедина ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Ұлттар лигасы аясындағы бүгінгі матчта Қазақстан құрамасының мүмкіндіктеріне баға беріп, өз командасының құрамындағы өзгерістер туралы пікірін айтты.

 

«Словакия құрамасының бұл матчта қандай ойын көрсететінін болжау қиын. Негізгі құрамдағы футболшылардың ішінен алаңға алғашқы минуттан бастап тек Лукаш Гараслин ғана шығуы мүмкін. Дегенмен, Словакия Қазақстанды менсінбей ойнайды деп ойламаймын. Енді эксперименттік құрамның қаншалықты үйлесімді ойын көрсетіп, қандай деңгейде өнер көрсететінін көреміз. Мәселен, мен чехиялық «Виктория» клубында ойнайтын 19 жастағы қорғаушы Тобиаш Палишчактың өнерін тамашалауға асықпын. Словакияда оны Петер Пекарик пен Давид Ганцконың орнын басуы мүмкін ойыншылардың бірі деп санайды», – деді Дедина.

Сондай-ақ журналист қос команда арасындағы алдыңғы кездесуге тоқталды:

«Қазақстан құрамасының Словакияға қарсы өткен алдыңғы матчтағы ойыны маған өте жақсы әсер қалдырды. Қарсылас бізге біраз қиындық туғызып, жеңіске жету үшін бар күшімізді салуға мәжбүр етті. Сол кездесуден кейін Қазақстанды Словакияның топтағы бірінші орын үшін басты қарсыласы болады деп ойлағанмын. Сондықтан одан кейінгі нәтижелер мен үшін күтпеген жағдай болды. Әсіресе, Молдовамен өткен екі матчта бірде-бір ұпай жинай алмағаны таңғалдырды. Өйткені, меніңше, Қазақстан құрамындағы футболшылардың деңгейі молдовалықтардан жоғары.

Егер Қазақстан құрамасы Кошицеде көрсеткен ойынын қайталай алса, тең түсуге, тіпті одан да жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Словакия діттеген мақсатына жетіп, В дивизионына жолдама алды. Алайда командамыздың көптеген матчтағы ойыны көңіл көншіте қойған жоқ», – деп түйіндеді журналист.

Ұлттар лигасының алтыншы турындағы Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы соңғы кездесу бүгін, 16 қарашада «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Владимир Вайсс жаттықтыратын Словакия құрамасы C3 тобында 11 ұпай жинап, бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етіп қойды. Осылайша, команда В дивизионына жолдама алды. Словакиялықтар Қазақстанға қарсы ойынға бірқатар өзгеріспен келіп отыр.

Ал Қазақстан құрамасы бес турдан кейін екі ұпаймен соңғы орында тұр.

Tags: Қазақстан ұлттық құрамасыУЕФА Ұлттар лигасыФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Жасұлан Әмір ҚПЛ-дің ең қымбат футболшысы атанды

Жасұлан Әмір ҚПЛ-дің ең қымбат футболшысы атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер аталды

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

«Ақтөбе» шетелдік футболшысымен қоштасты

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Нұркен Мәзбаев «Ұлытаудың» бас бапкері қызметінен кетті

24/11/2026

Ең көп оқылған

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер аталды

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

«Ақтөбе» шетелдік футболшысымен қоштасты

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Нұркен Мәзбаев «Ұлытаудың» бас бапкері қызметінен кетті

24/11/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер аталды

24/11/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In