• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 25 ноября, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Ван ‘т Схип: Жеңіске жетуге міндеттіміз

Ойын бүгін Астана уақытымен 22:00-де басталады

13/11/2026
in Футбол
0 0
0
Роналду мансабын «Әл-Наср» сапында аяқтамақ
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ‘т Схип матч алдындағы баспасөз мәслихатында Ұлттар лигасы аясында Молдоваға қарсы өтетін сырт алаңдағы ойынға дайындық барысы туралы айтып, құрамға қатысты шешімдерін түсіндірді, деп хабарлайды ASnews.kz.

 

«Оқу-жаттығу жиынын 5 қарашада Қазақстан чемпионатындағы маусымды ертерек аяқтаған футболшылармен бастадық – алдымен оларға екі-үш күн демалыс бердік. Кейінірек қатарымызға «Ордабасы» мен «Қайрат» ойыншылары қосылды, ал ең соңында легионерлер келді. Кишиневте дәл осындай төсеніште ойнайтындықтан, табиғи газонда жаттығу үшін Астанадан Түркістанға ауыстық.

Бізді өте маңызды әрі қиын матч күтіп тұр – жеңіс екі командаға да қажет. Қазір бар назарымыз Молдоваға ауған. Бұл ойында біз міндетті түрде үш ұпай алуымыз керек. Астанада молдовалықтар жақсы футбол көрсетті, ал біз бұрыштамадан гол соққанымызбен, кейбір сәттерде ойын ырғағынан шығып қалдық. Ертең есе қайтаруымыз қажет», – деді маман.

Нидерландтық бапкер команданың физикалық жағдайына да баға беріп, Қазақстан құрамасымен жұмыс істеудің қаншалықты қиын болатынын әу бастан түсінгенін мойындады.

«Әрине, команданы тізгіндеген кезде оңай болмайтынын білдім – құраманың тарихы мұнда жеңіл міндеттер болмайтынын көрсетіп отыр.

Футболшыларымыздың бабына келсек, біз тамаша дайындық өткіздік. Легионерлер кешірек келгенімен, барлығы жақсы қалыпта. Бір-екі ойыншы аздап сырқаттанып қалған еді, бірақ қазір олардың жағдайы толықтай жақсарды. Жоспарланған жұмыс көлемін толық орындадық. Алда тағы бір жаттығу бар, содан кейін ойынға шығатын құрамды түпкілікті анықтаймыз».

Сондай-ақ Ван ‘т Схип ұлттық құрамаға шабуылшы Айбар Жақсылықов пен жартылай қорғаушы Алмас Төлебайды шақыру туралы шешімін жеке түсіндірді.

«Неліктен Жақсылықов? Рамазан Кәрімов жарақат алды, ал Артур Шушеначевке ота жасалды. Бұл матчтарда оларға сенім арта алмадық, сондықтан таңдау Айбарға түсті.

Төлебайға келетін болсақ, біз оны көптен бері бақылап жүрміз, ол жеткілікті деңгейде матч өткізді. Бұл басқа стильдегі тірек жартылай қорғаушы – жасырақ әрі күш-қуаты мол. Бізге бұл позицияда физикалық қуат пен балама нұсқалар қажет, сондықтан оны командаға жақынырақ тартып, қалай бейімделетінін көргіміз келді. Ол үшін бұл тамаша тәжірибе, бәлкім, алаңға шығып, ойын уақытын да алып қалар. Бұл ойыншының болашағы зор», – деп түйіндеді құрама бапкері.

Еске сала кетейік, Ұлттар лигасының бесінші туры аясындағы Молдова мен Қазақстан арасындағы матч 13 қарашада Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді және Астана уақытымен 22:00-де басталады. Бұл кездесу алдында Джон ван ‘т Схип шәкірттері екі ұпаймен C3 тобының кестесін түйіндеп тұр. С дивизионындағы орнын сақтап қалу мүмкіндігінен айырылмау үшін қазақстандықтарға тек жеңіс қажет – Астанада өткен бірінші айналымдағы ойында молдовалықтар басым түскен болатын (2:1).

 

Фотода: Джон ван ‘т Схип.

Tags: Джон ван ’т СхипДжон ван ’т ШкипҚазақстан ұлттық құрамасыУЕФА Ұлттар лигасыФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Даниядан жеңілген соң Португалияның үш ойыншысы құрамадан кетті

Даниядан жеңілген соң Португалияның үш ойыншысы құрамадан кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер аталды

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

«Ақтөбе» шетелдік футболшысымен қоштасты

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Нұркен Мәзбаев «Ұлытаудың» бас бапкері қызметінен кетті

24/11/2026

Ең көп оқылған

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер аталды

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

«Ақтөбе» шетелдік футболшысымен қоштасты

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Нұркен Мәзбаев «Ұлытаудың» бас бапкері қызметінен кетті

24/11/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер аталды

24/11/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In