Альварестің тізіміне украиналық Александр Усик, жапониялық Наоя Иноуэ, ресейлік Дмитрий Бивол және америкалық Шакур Стивенсон мен Джервонта Дэвис енді.
Айта кетейік, Сауль Альварес – әлемдегі ең жоғары гонорар алатын боксшылардың бірі. Ол жартылай орта, бірінші орта, орта, екінші орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінде өнер көрсеткен. Сондай-ақ The Ring журналының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан, әлемнің үздік боксшысы атанып, екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы болған.
Қазақстандық жанкүйерлерге мексикалық боксшы Геннадий Головкинмен өткізген үш жекпе-жегі арқылы жақсы таныс. Екі боксшы 2017, 2018 және 2022 жылдары кездескен. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, кейінгі екі кездесуде төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жеткен.
Фото: Global Look Press.














