«Сабах» қақпашысы Стас Покатилов Чемпиондар лигасы екінші турының символикалық құрамына енді, деп хабарлайды ASnews.kz.
SofaScore порталы қазақстандық голкипердің «Славия Прагамен» болған ойындағы өнеріне 9,7 деген балл беріп, турдың ең үздік қақпашысы деп таныды.
Покатилов «Славияға» қарсы матчта алты сейв жасап, қақпасына гол өткізбеді (2:0). Бұл ойында «Сабах» Чемпиондар лигасындағы алғашқы тарихи жеңісіне қол жеткізді.
Әзербайжандық клуб турнирдегі келесі ойынын өз алаңында 20 қазан күні «Боруссия Дортмундқа» қарсы өткізеді.
Фотода: Стас Покатилов.














