Боксшылар 12 желтоқсанда Екатеринбургте кездеседі. Бұл айқаста жартылай ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол өз титулдарын қорғайды. Сонымен қатар The Ring журналының чемпиондық белбеуі де сарапқа салынады.
Бивол соңғы жекпе-жегін биыл 30 мамырда Екатеринбургте өткізді. Ол кезде ресейлік боксшы германиялық Михаэль Айфертті (13-2, 5 KO) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді.
Ал Каллум Смит шаршы алаңға 2025 жылдың ақпанынан бері шыққан жоқ. Ол сол кезде Эр-Риядта өткен кездесуде отандасы Джошуа Буатсиді (20-1, 13 KO) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.
Фото: instagram.com/matchroomboxing.














