Ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы Түркістанда өтеді. 23 қараша күні «Түркістан Арена» стадионында астаналық екі команда өзара бақ сынайды. Қазақстандағы тұңғыш коммерциялық футбол турнирі, 1XBET QFL Лига Кубогының финалы үшін қос команда бұған дейін рекордтық жүлде қоры үшін іріктеуден өткен болатын.
Сайыс жеңімпазы 90 миллион теңге, ал финалға шыққан екінші команда 50 миллион теңге иеленеді. Жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ доллары болып, бұл республикадағы коммерциялық футбол турниріндегі ең ірі жүлде қоры ретінде тіркеліп отыр.
Финалдық матч спорттық және ойын-сауықтық шара ретінде ерекше өтпек. Жанкүйерлерді H1RO орындауындағы концерт, жарық инсталляциялар мен отшашу сынды шоу күтіп тұр. Стадионда интерактивті аймақтар, соның ішінде кубок репликасы бар фотозона және фристайл шеберлерінің қатысуымен панна-футбол алаңы ұйымдастырылады. Көрермендерге арналған басты сыйлық — турнирдің бас демеушісі 1XBET ұсынған CHERY TIGGO 4 PRO көлігі болмақ.
«Бұл турнир қазақстандық футболды дамытудың жаңа дәуірін білдіреді. «Түркістан Аренада» финалды өткізу – аймақтардағы спортты дамытуға және бүкіл ел жанкүйерлеріне ұмытылмас әсер қалдырады», — деді турнирдің ұйымдастыру комитеті.
23 қараша күні сағат 15:00-де басталатын матч телевизиялық трансляция арқылы көрсетіледі. Бұл үшін 15 камера, соның ішінде панорамалық түсіру және қақпа артындағы камералар қойылған. Ел футболының тарихында алғаш рет эфирде кеңейтілген статистиканы көрсету үшін кеңейтілген технологиясы қолданылады.
Фото: 1XBET QFL.