«Атырау» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасындағы үй матчтарын өткізетін жаңа стадионды ресми түрде бекітті. деп хабарлайды penalty.kz.
Қаладағы «Судоремонтник» стадионы Қазақстан футбол федерациясының лицензиялау рәсімінен өтіп, ҚПЛ кездесулерін қабылдауға рұқсат алды. «Атырау» жаңа аренадағы алғашқы кездесулерін қазан айында өткізеді. Команда өз алаңында 14 қазанда «Елімайды» қабылдаса, 25 қазанда «Ертіспен» кездеседі.
«Атыраудың» тарихи үй стадионы «Мұнайшы» болатын. Алайда аталған арена реконструкцияға жабылды. Осы себептен клуб біраз уақыт бойы үй матчтарын Түркістанда өткізуге мәжбүр болды.
Ал «Судоремонтник» бұған дейін ұзақ жылдар бойы команданың жаттығу базасы ретінде ғана пайдаланылып келген. Енді «Мұнайшыдағы» жөндеу жұмыстары аяқталғанша «Судоремонтник» клубтың уақытша негізгі үй аренасы қызметін атқарады.
Фото: «Атырау» ФК.














