• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 25 ноября, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Тұлға мен тарих

Месси Аргентина құрамасындағы соңғы матчын жеңіспен аяқтады

Қоштасу кешінде 39 жастағы Месси пенальтиден гол соғып, екі нәтижелі пас берді

07/10/2026
in Тұлға мен тарих, Футбол
0 0
0
Жасы 40-қа таяған Джокович Пекин турнирін жеңіп алды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы матчын өткізіп, ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады. Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында өткен жолдастық кездесуде Аргентина Бенинді 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды 1bol.kz.

Қоштасу кешінде 39 жастағы Месси пенальтиден гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

«Монументаль» стадионы Месси үшін ерекше орын саналады. Ол ұлттық құрама сапындағы ең көп голын — 19 голды — осы стадионда соққан. Сондай-ақ Аргентина 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін елге оралғанда, команда дәл осы аренада чемпиондықты жанкүйерлерімен бірге атап өткен.

Ойынның 10-минутында кездесу бір минутқа тоқтатылып, стадиондағы жанкүйерлер Аргентина капитанына ұзақ қол соқты. Осы сәтте Бенин құрамасының футболшылары Мессидің жанына келіп, онымен кезек-кезек қол алысты.

«Мен мұнда мансабымдағы ең бақытты күндердің бірін өткіздім. Әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы матчқа осы жерге оралған күнімді ешқашан ұмытпаймын. Сол күні көргендерім — өмірімдегі ең керемет сәттердің бірі», — деді Месси.

Бұл сөздер стадиондағы көптеген жанкүйер мен оның қасына жиналған командаластарына ерекше әсер етіп, кейбірінің көзіне жас алды.

Аргентина капитаны қоштасу сөзінде ұлттық құраманы сағынатынын айтты.

«Енді, өкінішке қарай, мансабымдағы ең қайғылы күн келді — ұлттық құрамадағы қоштасу. Мен сендерді сағынатын боламын. Ұлттық құрама үшін ойнағанымды да сағынамын. Енді осы жігіттерді және олардың орнын басатын футболшыларды қолдаймын. Біз әрдайым, әрдайым бірге боламыз», — деді ол.

Кездесудің соңғы ысқырығынан кейін «Монументаль» стадионының үстінде дрондар шоуы ұйымдастырылды. Аспанда Мессидің мансабындағы айтулы сәттер бейнеленді. Соның ішінде 2022 жылғы әлем чемпионатында қолына әлем кубогын көтерген тарихи сәті де көрсетілді.

Месси Аргентина құрамасында 21 жыл өнер көрсетіп, әлем чемпионы, екі дүркін Америка кубогының жеңімпазы және Олимпиада чемпионы атанды. Сонымен қатар ол клубтық мансабында Испанияның 10 дүркін чемпионы, Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы атанып, «Алтын допты» сегіз рет иеленді.

Бенинге қарсы матч Мессидің Аргентина құрамасындағы 208-ойыны болды. Ол ұлттық құрамадағы мансабын 126 голмен аяқтап, команда тарихындағы ең көп матч өткізген әрі ең көп гол соққан футболшы мәртебесін сақтап қалды.

 

Фото: Getty Images.

Tags: АргентинаЛионель МессиФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Жасы 40-қа таяған Джокович Пекин турнирін жеңіп алды

Роналду мен Жезуш неге жанжалдасты? Футболшы ашығын айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер аталды

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

«Ақтөбе» шетелдік футболшысымен қоштасты

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Нұркен Мәзбаев «Ұлытаудың» бас бапкері қызметінен кетті

24/11/2026

Ең көп оқылған

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер аталды

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

«Ақтөбе» шетелдік футболшысымен қоштасты

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Нұркен Мәзбаев «Ұлытаудың» бас бапкері қызметінен кетті

24/11/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

«Мьельбю» Алматыға ұшып келді

24/11/2026
«Нефтчи» камбэк жасап, «Әл-Хилалдан» жеңісті жұлып алды

Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер аталды

24/11/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In