Айта кетейік, қос боксшы биыл Азия чемпионатының финалында кездесіп, Ишаиштың мерейі үстем болған еді. Бұл жолы қазақ боксшысы үш раунд бойы қарсыласынан басым болып, кеткен есені қайтарды.
Алғашқы раундта қашықтықта жұдырықтасқан Төрехан өзіне соққы дарытқан жоқ. Екінші раундта иордан боксшысы ашық төбелеске барып, төрешіден ескерту алды. Ал, жекпе-жектің соңғы кезеңінде Төрехан тағы шеберлігін көрсетіп, жеңіске лайық екенін дәлелдеді. Осы соңғы раундта Ишаиш ереже бұзғаны үшін тағы бір ескерту алғанын айта кету керек.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы.














