95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 394 келі көтерді.
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жарысында күміс жүлдеге ие болды.
95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 394 келі көтерді.
Алтынға төрт келі жетпеді
Жарыс жеңімпазы Иран өкілі Әли Алипур атанды. Ол қоссайыста 398 келі нәтиже көрсетті. 180 кг жұлқа, 218 кг серпе көтеру.
Нұрғиса Әділетұлының нәтижесі – 177+217 кг.
Қола жүлде Қытай спортшысы Ю Туға бұйырды. Оның жалпы көрсеткіші – 384 келі.
Соңғы мүмкіндік «алтынның» тағдырын шешті
Әділетұлы жұлқа көтеруде екі мүмкіндігін пайдалана алмады. Серпе көтеруде де бір талпынысы сәтсіз аяқталды.
Әсіресе соңғы мүмкіндік шешуші болды. Егер қазақстандық ауыр атлет 222 келіні бағындырғанда, қоссайыста бірінші орынға көтеріліп, Азия ойындарының чемпионы атанар еді.
Айта кетейік, ұлттық құраманың ауыр атлеттері Жапониядағы жарыста үш күміс медаль жеңіп алды.
Бұған дейін Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта, ал Алексей Чуркин 85 келіге дейінгі салмақта екінші орын алған еді.
Фото: olympic.kz.














