Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық теннисшілердің жарысы басталды.
Бүгін кортқа шыққан Юлия Путинцева пәкстандық Ушна Сухаилды 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды 1bol.kz.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының мүшесі Соня Жиенбаева да алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Отандасымыз Гонконг теннисшісі Адитья Карунаратнемен кортқа шығып, 6:1, 7:5 есебімен басым түсті.
Юлия Путинцева бірнеше күн бұрын ғана Билли Джин Кинг кубогінде сәтті өнер көрсеткен болатын. Ол испан қызы Кристина Букшаны үш сетте 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына ұпай салған болатын.
Фото: US Open.














