Еуро-2028 іріктеу кезеңінің ресми жеребесі 2026 жылдың 6 желтоқсанында Белфастта өтеді, деп жазады penalty.kz.
Қазақстан футбол құрамасының 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде кездесуі мүмкін қарсыластары анықталды.
FMD болжамды себеттер негізінде Еуро-2028 іріктеу турнирінің жеребесін модельдеген. Симуляция нәтижесінде Қазақстан құрамасы H тобына түсті.
Модель бойынша Қазақстанның ықтимал қарсыластары:
- Франция;
- Польша;
- Черногория.
Бұл сценарийде H тобында төрт құрама өнер көрсетеді. Айта кетейік, бұл – ресми жеребе емес, тек қазіргі болжамды себеттерге негізделген симуляция.
Фото: sportarena.ua.














