Матчтың бірінші кезеңінде астаналықтар қарсылас қақпасына жауапсыз екі шайба соқты. Алдымен Джейк Масси көзге түссе, артынша Логан Джй есепті еселеді.
Екінші кезеңде де «Барыс» ойыншылары қарқынын түсірген жоқ. Матчтың 37-минутында Джастин Бэйли «Локомотив» қақпасына үшінші шайбаны соқса, араға небәрі екі минут салып Аңсар Шайхмедденов таблодағы көрсеткішті 4:0-ге жеткізді.
Айдын иелері шешуші үшінші кезеңде де «Барыс» қақпасынан саңлау таба алған жоқ. Қонақтар болса сауатты қорғанумен қатар, қауіпті қарымта шабуылдар ұйымдастырып, «Локомотив» қақпасына бесінші шайбаны соғып кетті, гол авторы – Семен Симонов.
Осылайша «Барыс» маусымдағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, турнирлік кестенің екінші сатысына жайғасты.
Айта кету керек, Ярославльдің «Локомотиві» соңғы екі жыл қатарынан ҚХЛ чемпионы атанған.
Фото: Барыс ХК.














