• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 26 сентября, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

700 млн теңге қарызын ала алмай жүрген «Астана» футболшылары бойкот жасады

Футболшылар берешек өтелгенге дейін ҚПЛ матчтарына қатыспайтынын ескерткен

09/09/2026
in Футбол
0 0
0
Жарақат алған Дастан Сәтпаев «Челсиге» оралады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
«Астана» футбол клубындағы қаржылық қиындық ушығып, негізгі құрам ойыншылары ресми матчтарға қатысудан бас тартты. Футболшылар клуб пен оның құрылтайшысынан кемінде үш айлық берешекті өтеуді талап етіп отыр, деп жазады 1bol.kz.

Команда мүшелері клуб басшылығы мен «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорына ұжымдық өтініш жолдаған. Құжатта жиналған қарыздың мөлшері ойыншылар үшін қолайсыз деңгейге жеткені айтылған.

Футболшылар берешек өтелгенге дейін Қазақстан Премьер-лигасының қалған матчтарына қатыспайтындарын ескерткен.

Инсайдер Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, клубтың футболшылар алдындағы қарызы шамамен 700 миллион теңгеге жеткен. Алайда «Астана» басшылығы бұл соманы ресми түрде растаған жоқ. Клуб берешектің бар екенін мойындағанымен, оның нақты көлемі мен қашан өтелетінін ашып айтпады.

«Астана» өзінің ресми мәлімдемесінде негізгі құрамдағы бірқатар ойыншы алдындағы жекелеген келісімшарттық міндеттемелердің орындалмағанын және футболшылардан ұжымдық өтініш түскенін растады.

Клуб басшылығы футболшылардың ұстанымына түсіністікпен қарайды. Қалыптасқан қаржылық қиындықтарға қарамастан, футболшылар мен жаттықтырушылар штабы ұзақ уақыт бойы өздерінің кәсіби міндеттерін толық орындап, жаттығу үдерісіне және ресми матчтарға қатысып, алаңда «Астана» ФК мен Қазақстан астанасының намысын абыроймен қорғап келеді.

Клуб команда мүшелерінің сабырлылығын, жауапкершілігі мен кәсібилігін жоғары бағалайды. Қалыптасқан жағдай футболшылардың Клубқа, оның жанкүйерлеріне және спорттық мақсаттарына деген адалдығына күмән келтірмейді, – делінген мәлімдемеде.

Қазір басшылық құрылтайшымен бірге қаржылық жағдайды тұрақтандыру және қарызды өтеу жолдарын қарастырып жатыр. Дегенмен клуб берешекті жабудың нақты кестесін жариялаған жоқ. Қаржы дағдарысының неден туындағаны да ресми мәлімдемеде көрсетілмеді.

Сонымен қатар «Астана» Қазақстан чемпионатынан шықпайтынын және 2026 жылғы маусымды толық аяқтайтынын хабарлады. Негізгі құрам алаңға шығудан бас тартқан жағдайда командаға жастар, резерв және клуб сапында ойнауға құқығы бар басқа футболшылар тартылуы мүмкін.

Бұл жағдай елордалық клуб үшін маусымның ең жауапты кезеңінде туындап отыр. «Астана» 23 матчтан кейін 45 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінде үшінші орында келеді. Команда көш басындағы «Ордабасыдан» 10, екінші орындағы «Қайраттан» 9 ұпайға қалып тұр.

Алдағы екі кездесу клубтың чемпиондық бәсекедегі тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін. 12 қыркүйекте «Астана» сырт алаңда «Ордабасымен» ойнайды, ал 17 қыркүйекте «Қайратты» қабылдайды. Инсайдерлік ақпарат бойынша, бұл матчтарға елордалық команда жастар құрамын шығаруы ықтимал. Клуб әзірге осы екі ойынға кімдердің қатысатынын ресми жариялаған жоқ.

Осылайша, «Астанадағы» мәселе енді тек қаржылық сипатпен шектелмейді. Қарыз уақытында өтелмесе, негізгі құрамның бойкоты команданың чемпиондық мүмкіндігіне, турнирлік орнына және клубтың беделіне елеулі соққы болуы мүмкін.

 

Фото: ФК «Астана».

Tags: «Астана» ФКжемқорлықҚазақстан Премьер-лигасыҚПЛФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Жарақат алған Дастан Сәтпаев «Челсиге» оралады

40 жастағы Возинья әлемнің үздік қақпашысы атануға үміткер

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

25/09/2026
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Оразбек Асылқұлов та жеңіліп қалды

25/09/2026

Ең көп оқылған

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

25/09/2026
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Оразбек Асылқұлов та жеңіліп қалды

25/09/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In