Эсатов «Каспий» жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өткен маусымда оның жетекшілігімен ақтаулық команда Бірінші лигада топ жарып, Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған болатын.
«Жанкүйерлерге жақсы таныс маман қайтадан команданы басқарады. Өткен маусымда Руслан Эсатовтың жетекшілігімен «Каспий» Бірінші лига чемпионы атанып, Премьер-лигаға жолдама алды. Қош келдіңіз, Руслан Сайцалиевич! Жаңа мақсаттарға қайтадан бірге ұмтыламыз!» – делінген клуб хабарламасында.
Жаңа бас бапкермен бірге команданың жаттықтырушылар штабында да өзгерістер болды. Асхат Құсайынов Эсатовтың көмекшісі болып тағайындалса, Ерлан Махамбедиев сараптамалық бағытқа жауап береді.
Руслан Эсатов командаға Премьер-лигадағы маусым жүріп жатқан тұста оралып отыр. Қазіргі таңда «Каспий» 23 ұпай жинап, турнир кестесінің 10-сатысында орналасқан.
Ал осыған дейін «Каспийді» жаттықтырған Ерлан Шойтымов қызметінен кетті. Ол Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының тізгінін ұстады.
Фото: «Каспий» ФК.














