Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші 1/8 финалда WTA рейтингінің 55-сатысындағы ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.
Үш сетке созылған тартысты матч Рыбакинаның 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 2 сағат 55 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 11 эйс жасап, алты қос қателікке жол берді және 17 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды.
Ширек финалда қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандес (WTA рейтингінде 34-орын) пен жапониялық Наоми Осака (13 WTA) арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.
Фото: KTF.














