Александр Бублик өзінің туған жері Санкт-Перебург қаласына теннис кортын салып берді.
Бірер күннен кейін ресми ашылуын өткізіп, өзі шеберлік сағатын өткізбек.
Мен осы Рыбакина не Бублик сияқтыларды өліп қорғайтын қаракөздерді түсінбеймін. Оларға көк паспорт кәсіпқой мансаптарын жалғастыру үшін ғана керек.
Олар қазір де, ертең де біздің елде тұрмайды. Бізбен болашағын байланыстырмайды.
Бізге ешқандай жаны ашымайды.
Әсіресе, теннис федерациясының өкілдері, мені жамандап коммент жаза бермей, нақты іспен айналысыңдар.
Әр жақтан келімсектерді жинап, керемет жұмыс жасап жатырмын деп ойламаңдар.
Аңғал шығармыз.
Бірақ, ақымақ емеспіз…
Пікір иесі: Аслан Каженов.














