• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 5 августа, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Алматыда УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынып жатыр

Жобаға 32 гектар жер бөлінген

05/08/2026
in Футбол
0 0
0
Рыбакинаның Торонтодағы алғашқы қарсыласы белгілі болды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Алматыда қаланың басты спорт нысандарының біріне айналатын заманауи футбол стадионының құрылысы жалғасуда. Жаңа арена Құлжа және Талғар тасжолдарының бойында салынып жатыр және 45 мың көрерменге арналған. Жобаны іске асыруға бөлінген аумақтың жалпы көлемі шамамен 32 гектар болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Қазіргі уақытта нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба заманауи спорт инфрақұрылымына қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылып, түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған толыққанды спорт кешенін қалыптастыруды көздейді.

Болашақ стадион УЕФА-ның IV санаттағы талабына толық сай болады. Бұл халықаралық деңгейдегі футбол матчтары мен ірі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында негізгі футбол аренасымен қатар жаттығу алаңдары, спортшылар мен командаларға арналған заманауи инфрақұрылым, жанкүйерлерге арналған аймақ, қауіпсіздік жүйелері және іргелес аумақты кешенді көріктендіру жұмыстары қарастырылған.

Нысанның көлік қолжетімділігіне де ерекше назар аударылған. Қаладағы негізгі көлік магистральдарының бойында орналасуы стадионды Алматының көлік жүйесіне тиімді кіріктіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоба шеңберінде оған іргелес жол инфрақұрылымы дамытылып, көрермендер мен қала қонақтарының стадионға қолайлы қатынауы қамтамасыз етіледі әрі бұқаралық іс-шаралар кезінде көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасалады.

Жаңа стадионның құрылысы Алматының спорт инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезең болмақ. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік жасап, футболды дамытуға серпін береді және Алматының өңірдегі ірі спорт орталығы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтады. Құрылыс жұмыстарын 2028 жылғы наурызда аяқтау жоспарланған.

Фото: Алматы әкімдігі.

Tags: балалар футболықазақ футболыОрталық стадионФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Рыбакинаның Торонтодағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Әли Әлиев бас бапкерлік қызметтен кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Самородов МЛС клубының назарына ілікті

Хусановтың «Манчестер Ситидегі» жаңа жалақысы белгілі болды

05/08/2026
Самородов МЛС клубының назарына ілікті

УЕФА еуропалық турнирлердегі ережелерге өзгерістер енгізді

05/08/2026
Самородов МЛС клубының назарына ілікті

Самородов МЛС клубының назарына ілікті

05/08/2026
Рыбакинаның Торонтодағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Дастанды көреміз бе? Бүгін «Челси» мен «Ювентус» ойнайды

05/08/2026

Ең көп оқылған

Самородов МЛС клубының назарына ілікті

Хусановтың «Манчестер Ситидегі» жаңа жалақысы белгілі болды

05/08/2026
Самородов МЛС клубының назарына ілікті

УЕФА еуропалық турнирлердегі ережелерге өзгерістер енгізді

05/08/2026
Самородов МЛС клубының назарына ілікті

Самородов МЛС клубының назарына ілікті

05/08/2026
Рыбакинаның Торонтодағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Дастанды көреміз бе? Бүгін «Челси» мен «Ювентус» ойнайды

05/08/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Самородов МЛС клубының назарына ілікті

Хусановтың «Манчестер Ситидегі» жаңа жалақысы белгілі болды

05/08/2026
Самородов МЛС клубының назарына ілікті

УЕФА еуропалық турнирлердегі ережелерге өзгерістер енгізді

05/08/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In