Атап айтқанда, бразилиялық вингер Винисиус Жуниор, франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе және ағылшын хавбегі Джуд Беллингемді «Реалдан» ешқайда жібермеу туралы келіссөз жүрген.
Мбаппе мен Беллингемнің корольдік клуб сапында қалатыны онсыз да белгілі. Ал, Винисиустың «Арсеналмен» келіссөздер жүргізіп жатқаны соңғы бірер аптадан бері айтылуда. Оның үстіне, бразилиялық футболшы «Реалмен» келісімшартты созуға асығар емес.
Винисиус Жуниор мен «Реал Мадрид» арасындағы контракт мерзімі 2027 жылдың маусымында аяқталады. Десе де, қазір «Арсенал» 26 жастағы бразилиялық үшін 130 млн еуро төлеуге дайын екенін мәлімдеді. Ал, футболшының агенттері болса тараптар арасында ешқандай келісімнің болмағанын айтып сендіруде.
Фото: Juan Manuel Serrano Arce / Getty Images.














