Бүгін Қазақстан уақытымен 20:30-да Конференция лигасы аясында Литваның «Паневежис» клубы мен Қазақстандық «Тобыл» командасы арасында маңызды кездесу өтеді. Ойын Литвадағы «Aukštaitija Stadium» стадионында өтеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
«Тобыл” : Қостанайлық клубтың соңғы нәтижелері біршама тұрақсыз. Олар Еурокубоктарда “Галлен” командасынан екі рет жеңілсе (0:1 және 1:4), “Рузомберок” клубын бір рет жеңіп (1:0), бір рет ірі есеппен ұтылған (2:5). Дегенмен, соңғы жолдастық кездесуде Софиялық «Славияны” 1:0 есебімен ұтқан.
Эксперттердің пікірінше, екі команданың жеңіске жету мүмкіндігі тең.
– «Тобылдың” жеңісі : 37.33%
– “Паневежистің” жеңісі : 37.22%. (тең ойын ықтималдығы: 25.42%)
Бұл матч — күштері бір-біріне өте жақын қарсыластардың айқасы. «Тобыл” сәл де болса фаворит саналғанымен, “Паневежис” клубының соңғы уақыттағы жеңісті сериясы олардың өз алаңында айтарлықтай қарсылық көрсететінін аңғартады.
Фотода: Aukštaitija Stadium.













