Матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталған. Дегенмен, екінші тайм аяқталар тұста аргентиналық жартылай қорғаушы Энцо Фернандес екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Онсыз да тоқсан минут бойы толассыз шабуыл жасаған испандықтарға бұл қосымша басымдық берді.
Осылайша, ойынның 106-минутында Феран Торрес қарсыластың айып алаңында «адасқан допқа» бірінші жетіп, гол соғып кетті. Аргентиналықтар қалған 15 минутта шабуылдап көргенімен, Симон күзеткен қақпаның кілтін таба алмады.
Айта кететін жайт, ойынның негізгі уақытында Аргентина құрамасы Испания қақпасына бірде-бір соққы жасай алмады.
Осылайша, Испания әлемнің екі дүркін чемпионы атанып отыр. Алғаш рет олар 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен мундиальда топ жарды.
Фото: Kai Pfaffenbach/Reuters.














