Бұл жетістік клубқа спорттық нәтиже ғана емес, қомақты қаржылай табыс та әкелді. Бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін «Қайрат» 175 мың еуро (шамамен 94,1 миллион теңге) сыйақы алды. Екінші кезеңге шыққаннан кейін дәл осындай көлемдегі тағы бір төлемге кепілдік берілді.
Осылайша, алматылық клубтың Чемпиондар лигасындағы қазіргі табысы 350 мың еуроны (шамамен 188,2 миллион теңге) құрады.
Екінші іріктеу кезеңінде «Қайраттың» қарсыласы Кипрдің «Омония» клубы болады. Командалар арасындағы кездесулер 21–22 және 28–29 шілде күндері өтеді.
Фото: “Қайрат” ФК.














