Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында маусымның соңғы шешуші ойындары өтеді, деп хабарлайды 1bol.kz.
Биылғы чемпионат интригаға толы болды. Бұрындары ел чемпионы жарыс аяқталмай жатып белгілі болса, бұл жолы бес команда арасындағы тартыс соңғы турларға дейін жалғасты.
Кешегі демалыста өткен соңғы ойындарда турнир кестесіндегі жағдай күрт өзгерді. Өз алаңында «Жеңістен» жеңіліп қалған «Ордабасы» турнир кестесінде бірінші орыннан бірден үшінші орынға сырғыса, сырт адаңда «Жетісуды» жеңіп келген «Қайрат» көш бастады. Бұл екі ойында да 2:1 есебі тіркелгенін айта кету керек.
Ал, жарысты сүреңсіз ойынмен бастап, орта жолда күш жинаған «Астана» биыл чемпион атануы әбден мүмкін. Соңғы ойында Бабаян шәкірттері «Ақтөбені» жеңіп, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты және елордалық клубтың бір ойыны кем. Алда болатын екі матчта жеңіске жетсе «Қайрат» екінші орынды місе тұтады.
ҚПЛ аяқталуына 2 тур қалды, онда біз кубок иесін анықтаймыз. «Қайрат» өз алаңында «Ордабасы» қабылдаса, «Астана» осы аптада 2 кездесу өткізеді. Елордалық клуб алдымен өз алаңында «Атырауды» қабылдап, кейін қостанайлық «Тобылға» қонаққа барады.
Барлық назар, әрине, ел чемпионы мен ҚПЛ көшбасшысы арасындағы кездесуде болады.
Фото: ҚФФ.