• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 30 июня, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Бақыт Сәрсекбаев жұмысына қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Дау жаттықтырушылық жұмысына сырттан араласу әрекеттеріне байланысты туындаған

30/06/2026
in Бокс, Ей, бұларың не?
0 0
0
Бақыт Сәрсекбаев жұмысына қысым жасалып жатқанын мәлімдеді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желіде өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, белгісіз адамдар жаттықтырушылық қызметіне араласып, жұмыс процесіне кедергі келтіруге тырысып жүр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Instagram парақшасында жариялаған жазбасында Бақыт Сәрсекбаев ешқандай қысымға немесе арандатуға бой алдырмайтынын айтып, өз жұмысына бөгет жасамауға шақырды.

“Сынбаймын ғой. Сындыра алмайсыңдар ғой! Ешқашан да байланыстарыңмен, телефонмен, провокациямен қорқыта алмайсыңдар! Мен жүрген жерде тек қана тәртіп, дисциплина, әділдік болады! Мен ештеңе сұраған емеспін, бар сұрарым жұмыс істеуге кедергі келтірмеңдер! Маған кедергі жасау – қазақ боксына кедергі жасау! Менің интрига, провокацияға уақытым жоқ, алдымызда жауапты бәсеке тұр! Кейбіреулерге ескерту!”, — деп жазды ол.

Dalanews.kz тілшісі мән-жайды нақтылау үшін Бақыт Сәрсекбаевпен байланысқа шықты. Оның сөзінше, әзірге болған оқиғаның барлық жай-жапсарын жариялауға және нақты адамдардың есімін атауға ерте.

“Қазір толық айта алмаймын. Бұл мәселеге қатысты федерацияға ресми түрде жүгіндім. Егер мәселе шешілмесе, кейін бәрін ашық айтамын. Әзірге есімдерін атағым келмейді”, – деді ол.

Сәрсекбаевтың айтуынша, дау жаттықтырушылық жұмысына сырттан араласу әрекеттеріне байланысты туындаған.

“Менің жаттықтырушылық жұмысыма араласып, жұмыс процесін бұзуға, ұжымдағы тұрақтылықты шайқауға әрекет жасалды. Қазір мәселе федерацияның қарауында”, – деді Бақыт Сәрсекбаев.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы.

Tags: Бақыт СәрсекбаевСпортты дамыту дирекциясы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Әлем чемпионатынан кейін Оңтүстік Кореяда үлкен тексеріс басталды

Әлем чемпионатынан кейін Оңтүстік Кореяда үлкен тексеріс басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Әлем чемпионатынан кейін Оңтүстік Кореяда үлкен тексеріс басталды

«Астана» еурокубокқа жіберілмеуі мүмкін деген ақпаратқа ресми жауап берді

30/06/2026
Әлем чемпионатынан кейін Оңтүстік Кореяда үлкен тексеріс басталды

Мәнерлеп сырғанаудан Ресейдің екі дүркін олимпиада чемпионы қайтыс болды

30/06/2026
Әлем чемпионатынан кейін Оңтүстік Кореяда үлкен тексеріс басталды

Парагвай президенті елде демалыс жариялап жіберді

30/06/2026
Әлем чемпионатынан кейін Оңтүстік Кореяда үлкен тексеріс басталды

Германия Парагвайдан жеңіліп, Әлем чемпионатынан ұшып кетті

30/06/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Әлем чемпионатынан кейін Оңтүстік Кореяда үлкен тексеріс басталды

«Астана» еурокубокқа жіберілмеуі мүмкін деген ақпаратқа ресми жауап берді

30/06/2026
Әлем чемпионатынан кейін Оңтүстік Кореяда үлкен тексеріс басталды

Мәнерлеп сырғанаудан Ресейдің екі дүркін олимпиада чемпионы қайтыс болды

30/06/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In