• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 26 июня, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Олимпиада

Олимпиада алтыны үшін 150 мың доллар: Балуандарға жаңа сыйақы бекітілді

Қазақстандық балуандар енді медаль үшін қомақты қаржы алады

26/06/2026
in Олимпиада
0 0
0
Неймар Әлем чемпионатындағы бірінші ойынын өткізді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қазақстан күрес федерациясы балуандар мен олардың бапкерлерін ынталандыруға бағытталған жаңа бастаманы бекітті. Енді Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары, Азия ойындары және Азия чемпионаттары секілді ірі халықаралық жарыстарда жүлде алған спортшыларға, бас бапкерлерге және жеке жаттықтырушыларға федерация тарапынан арнайы ақшалай сыйақы төленеді, деп хабарлайды 1bol.kz.

Бұл туралы Қазақстан күрес конгресі барысында Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Қадырғалиұлы мәлімдеді.

Федерация бекіткен жаңа регламентке сәйкес, сыйақы төрт негізгі халықаралық жарыстағы нәтижелер үшін қарастырылған. Атап айтқанда, Олимпиада ойындары, ересектер арасындағы әлем чемпионаты, Азия ойындары және ересектер арасындағы Азия чемпионатында жүлде алған балуандар мен олардың бапкерлері ақшалай марапатқа ие болады. Барлық төлем АҚШ долларымен жүргізіледі.

Олимпиада ойындарындағы сыйақы көлемі

Олимпиада чемпионы атанған балуанға 150 мың доллар, бас бапкерге 15 мың доллар, ал жеке жаттықтырушысына 30 мың доллар төленеді.

Күміс жүлдегерге 100 мың доллар, бас бапкерге 10 мың доллар, жеке бапкерге 20 мың доллар қарастырылған.

Қола медаль иегері 50 мың доллар алса, бас бапкерге 5 мың доллар, жеке жаттықтырушыға 10 мың доллар беріледі.

Әлем чемпионаты мен Азия ойындары үшін берілетін сыйақы

Ересектер арасындағы әлем чемпионаты мен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған спортшыға 100 мың доллар төленеді. Бас бапкерге 10 мың доллар, жеке жаттықтырушыға 20 мың доллар беріледі.

Күміс жүлдегерге 50 мың доллар, бас бапкерге 5 мың доллар, жеке бапкерге 10 мың доллар сыйақы қарастырылған.

Ал қола медаль үшін спортшыға 25 мың доллар, бас бапкерге 2,5 мың доллар, жеке жаттықтырушыға 5 мың доллар төленеді.

Азия чемпионатындағы жүлделер үшін сыйақы

Ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған балуанға 30 мың доллар беріледі. Бас бапкер 3 мың доллар, жеке жаттықтырушы 6 мың доллар алады.

Күміс медаль үшін спортшыға 20 мың доллар, бас бапкерге 2 мың доллар, жеке бапкерге 4 мың доллар төленеді.

Қола жүлде иегеріне 10 мың доллар, бас бапкерге 1 мың доллар, жеке жаттықтырушыға 2 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, бұл федерация тарапынан берілетін қосымша сыйақы болып саналады. Олимпиада ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшыларға мемлекет тарапынан да бір реттік ақшалай төлем беріледі. Атап айтқанда, Олимпиада алтыны үшін 250 мың доллар, күміс медаль үшін 150 мың доллар, қола жүлде үшін 75 мың доллар қарастырылған. Сондай-ақ 4-6 орын алған спортшыларға да арнайы төлемдер белгіленген.

Бұдан бөлек, Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан пәтер беріледі және спорт саласында 20 жылдық еңбек өтілі болған жағдайда өмір бойғы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету құқығы қарастырылған.

Фото: ҰОК.

Tags: еркін және грек-рим күресіеркін күресЕркін ҚадырғалиұлыҚазақстан күрес федерациясыОлимпиада
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Неймар Әлем чемпионатындағы бірінші ойынын өткізді

Абиба Әбужақынова 26 жастағы әзербайжандық дзюдошыдан жеңілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Каспий» Франция чемпионатынан шабуылшы алды

«Каспий» Франция чемпионатынан шабуылшы алды

26/06/2026
«Жетісу» ФК шетелдіктердің меншігіне өтуі мүмкін

«Жетісу» ФК шетелдіктердің меншігіне өтуі мүмкін

26/06/2026
Неймар Әлем чемпионатындағы бірінші ойынын өткізді

Абиба Әбужақынова 26 жастағы әзербайжандық дзюдошыдан жеңілді

26/06/2026
Неймар Әлем чемпионатындағы бірінші ойынын өткізді

Олимпиада алтыны үшін 150 мың доллар: Балуандарға жаңа сыйақы бекітілді

26/06/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Каспий» Франция чемпионатынан шабуылшы алды

«Каспий» Франция чемпионатынан шабуылшы алды

26/06/2026
«Жетісу» ФК шетелдіктердің меншігіне өтуі мүмкін

«Жетісу» ФК шетелдіктердің меншігіне өтуі мүмкін

26/06/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In