Өзбекстан әлем сахнасына шығып өнер көрсетіп жатса, ал Қазақстан футболы өліп, жерлеп жатыр.
Федерациямыз боққа батып жатса да, сөзді шығындағым келмей сынамайтынмын. Қазақ футболының соңғы үміті, соңғы қамалы секілді көрінген Талғат Байсуфинов ағамызды сиғызбай қызметінен кетіргені жай түскендей оқиға болды. Ол ағамыз да Қазақстан футболынан толықтай үмітін, күдерін үзіпті дейді. Енді Қазақ футболын жерлеу рәсімдеріне кірісе беріңіздер. Осы күнге дейін өз өзіңді алдап келгенің жетер енді. Қазақстан футболы күннен күнге кері кетіп бара жатыр. Болды. Нүкте.
Өзбекстан халқын анау мынау деп менсінбей жүргенде, бүгін Қазақстан халқы Өзбекстанның жанкүйері деңгейіне түсіп қалғанын білмей қалды. Енді бүгін теледидарға телміріп, бишара сияқты отырыңдар, өзге елдерге жанкүйер болып. Намыс та өлді. Намыс болмаған соң бәрі бекер. Намыссыздық ертең, Өзбекстан мен Тәжікстанға барып қара жұмыс істеткізеді. Күндеріңді көру үшін сол жаққа нан табу үшін баруға дайындала беріңдер. Қазақстан өлгеннің үстіне өліп жатыр. Қыңқ дейтін ешкім жоқ.
Пікір иесі: Fazylbek Absattaruly.
Фото: peoples.ru.













