Жекпе-жек Akhmedov Promotions ұйымдастыратын бокс кеші аясында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Ұйымдастырушылар Төлтаев пен Тамайо арасындағы кездесуді ресми түрде жариялады. Саматәлі Төлтаев кәсіпқой рингте әзірге жеңіліп көрген жоқ. Оның еншісінде жеті жеңіс бар, соның төртеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 4 сәуір күні Таиланд астанасы Бангкокта өткізген. Сол кездесуде ол вьетнамдық Хонг Куан Диньді алтыншы раундта нокаутпен жеңді.
Ал оның алдағы қарсыласы Гэри Тамайо соңғы рет 7 желтоқсанда Жапонияның Осака қаласында рингке шыққан. Филиппиндік боксшы жергілікті спортшы Юна Харамен кездесіп, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталған.
Айта кетейік, Тамайоның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 11 жеңіс, 4 жеңіліс және 1 тең нәтиже. Оның 5 жеңісі нокаутпен аяқталған.
Фото: instagram.com/akhmedov_promotions.














