Жақында Құламбаева Болгарияның Хасково қаласында өткен ITF W50 турнирінде жұптық сында чемпион атанған еді. Қазақстандық теннисші украиналық Валерия Страховамен бірге финалда грекиялық Марта Маттула мен америкалық Хибах Шайх жұбын 6:0, 6:4 есебімен жеңді.
Осы жеңістен кейін Жібек Құламбаева WTA жұптық рейтингінде 21 сатыға жоғарылап, 173-орынға жайғасты. Ал оның серіктесі Валерия Страхова бес орынға көтеріліп, 102-сатыға шықты.
Қазіргі таңда WTA жұптық рейтингінің үздік үштігінде чехиялық Катерина Синякова, америкалық Тейлор Таунсенд және канадалық Габриэла Дабровски тұр.
Фото: ҰОК.














