Әлем чемпионы, 70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов ширек финалда Шавкатжон Болтаевпен (Өзбекстан) жолы түйісті, деп хабарлайды 1bol.kz.
Отандасымыз жекпе-жек бойы салқынқанды қимылдап, қарсыласының адымын аштырмады. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Абылайханға берді.
Фото: ҰОК.














