Спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаудан Милан олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров пен үздік алты спортшы қатарына енген конькиші Надежда Морозоваға сыйақы төленгенін хабарлады.
Үкіметтің қаулысына сәйкес, спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлем үкімет резервінен алынған.
«Жалпы алғанда, 2 спортшы мен 5 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Михаил Шайдоровқа 250 000 АҚШ доллары, Надежда Морозоваға 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай сыйақы қарастырылған» деп хабарлады спорт министрлігі.














