Жақын арада Швейцарияда УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Конференциялар лигасының алғашқы іріктеу кезеңдерінің жеребесі өтеді, деп хабарлайды Dalasport.kz.
Оның қорытындысы бойынша қазақстандық клубтар еурокубоктардағы алғашқы қарсыластарын анықтайды.
Мұның «Тобылға» ғана қатысы жоқ – қостанайлықтар еурокубоктағы жолын Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Чемпиондар лигасындағы «Қайраттың» ықтимал қарсыластары
Алматылық клуб жеребеде себілген командалар қатарына енген, мына ұжымдардың бірімен кездесуі мүмкін:
- «Левски» (София, Болгария);
• «Кауно Жальгирис» (Каунас, Литва);
• «Сутьеска» (Никшич, Черногория);
• «Дьёри ЭТО» (Дьёр, Венгрия);
• «Эгнатия» (Рогожина, Албания);
• «Макслайн» (Витебск, Беларусь);
• «Атерт-Биссен» (Люксембург).
«Елімайдың» ықтимал қарсыластары
Семей клубы Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде мына бес қарсыластың бірімен кездесуі мүмкін:
- «Милсами» (Орхей, Молдова);
• «Жальгирис» (Вильнюс, Литва);
• «Зиря» (Әзербайжан);
• «Алашкерт» (Армения);
• БАТЭ (Борисов, Беларусь).
«Астананың» ықтимал қарсыластары
Елордалық клуб та Конференциялар лигасы жеребесінің нәтижесін күтуде. Ықтимал қарсыластары:
- «Силекс» (Кратово, Солтүстік Македония);
• «Динамо Сити» (Тирана, Албания);
• «Виртус» (Сан-Марино);
• «Морнар» (Бар, Черногория);
• «Марсашлокк» (Мальта).














