Испания құрамасының шабуылшысы Микель Оярсабаль футболдан әлем чемпионатында ерекше антирекорд авторы атанды, деп жазады penalty.kz.
Микель Оярсабаль Испания құрамасы сапында 54 матч өткізіп, 25 гол соққан. Клубтық деңгейде ол Испанияның “Реал Сосьедад” командасында өнер көрсетеді.
Фаворит күтпеген жерден ұпай жоғалтты
Испания құрамасы турнирдегі алғашқы ойынын Кабо-Вердеге қарсы өткізіп, кездесуде допқа иелік етуде айқын басымдық көрсетті. Матч барысында испандықтардың допты бақылау көрсеткіші 74%-ға жетті. Алайда құрама ойыншылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, әлем біріншілігіне тұңғыш рет қатысып отырған Кабо-Вердемен ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Чемпионаттың топтық кезеңінде Испания алдағы уақытта Сауд Арабиясы және Уругвай құрамаларымен кездеседі.
Фото: Mattia Ozbot / Getty Images.














