Қазақстан құрамасы Мажарстанға келіп, жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті. Ертең, яғни 9 маусым күні Дебрецен қаласында жолдастық кездесу өтеді.
Бұл туралы Sports.kz жазды.
ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, футболшылар жолдастық кездесуге тыңғылықты дайындалып жатыр.
Еске салсақ, 9 маусымдағы бұл бәсеке – құраманың маусым айындағы екінші ойыны. Бұған дейін құрама ойыншылары сырт алаңда Армениямен тең тарқасса (1:1), мажарлар Финляндиядан 2:1 есебімен басым түскен.
Фото: видеодан алынған скрин.














