Клубтың үй матчтарының ресми жүргізушісі Артур Асқарұлымен болған блиц-сұхбатта Сәтпаев өзінің «Қайрат» жейдесіндегі соңғы кездесуі маусым айындағы үй ойындарының бірінде өтетінін айтты.
«Қазіргі жоспар бойынша соңғы матчым 17 немесе 21 маусым күні болады. Бұл – өз алаңымыздағы ойын», – деді Сәтбаев.
Сондай-ақ жас шабуылшы «Челси» клубындағы қаралым мен Хаби Алонсомен қайта кездесуге қатысты пікір білдірді.
«Жалпы, қобалжу жоқ. Ең бастысы — өз қалауың мен жігеріңді көрсету. Сол жігердің арқасында ол жақта орнығып қаламын деп ойлаймын», – деді қазақстандық талант.
Фото: әлеуметтік желіден.














