Роман Фресс жартылай ауыр салмақта бірінші орында қалса, Әли Ахмедов екінші орта салмақта 13-орнын сақтады, деп хабарлайды penalty.kz.
Германияда тұратын Қазақстан тумасы Роман Фресс жартылай ауыр салмақ дәрежесі бойынша рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалды.
Екінші орта салмақта қазақстандық Әли Ахмедов бұрынғыдай 13-сатыда қалды.
Жәнібек Әлімханұлы — WBO чемпионы
Орта салмақта Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы мәртебесін сақтап отыр.
Бұл дивизионда уақытша чемпион атағы Ұлыбритания өкілі Дензел Бентлиге тиесілі. Ал рейтингтің үздік үштігіне кубалық Йоэнлис Эрнандес, америкалық Вито Мельницки-кіші және Польша атынан шығатын Федор Черкашин енген.
Фото: Offside.kz.














