«Португалияны есептемегенде, бәрімен ойнауға болады. Тіпті португалдарға қарсы жақсы ойын көрсетуге мүмкіндік бар. Егер команда қорғаныста сауатты ойнаса, оны бұзып өту өте қиын болады», — деді Смақов.
Осы ретте бұрынғы футболшы әлем чемпионатында көрші ел құрамасына қолдау білдіретінін де жеткізді.
«Өзбекстан — біздің көршіміз, бауырлас республика. Біз оларға жанкүйер боламыз», — деді ол.
Өзбекстан алғаш рет әлем чемпионатында ойнайды
Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. 2026 жылғы мундиальде команда K тобында өнер көрсетеді.
Қарсыластар:
- Португалия;
- Колумбия;
- Конго Демократиялық Республикасы.
Алғашқы матчты өзбекстандықтар 17 маусым күні Мехикода Колумбия құрамасына қарсы өткізеді.
Фото: sovsport.ru.














