Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында «Алтай» Өскеменде «Астананы» қабылдады, деп жазады penalty.kz.
Екінші таймның басында елордалықтар алға шықты. Рамазан Кәрімов жақын қашықтықтан дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.
Дегенмен “Алтай” матч соңына дейін берілмеді. Өскемендіктер сапынан Дмитрий Шмидт мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестірді.
Осы тең ойыннан кейін “Астана” 19 ұпаймен 4-орында қалды. Ал “Алтай” 10 ұпай жинап, 13-сатыда тұр.
Фото: instagram/@f.c.altai.














