Бұл туралы «BAS Pro» компаниясының бас продюсері Ақылбек Досжанов Аман Тасығанның YouTube арнасындағы сұхбат барысында айтты.
“2025 жылы біз ҚПЛ-ды 8 камераға, 2026-да жеті камераға түсірдік. Бірінші лиганы 7 камераға түсіріп жүр едік , биыл 4 камераға түстік. Екінші лиганы 5 камераға түсіріп жүргенде оны 4 камера қылды. Судьялармен болып жатқан мәселелерді көрсету үшін 7 камера жетіспейді. Қазір ҚПЛ матчтарын 1,2 миллион теңгеге түсіріп жатырмыз. Біз төмен түсіп кеттік, ақшасынан, бәрінен. Қазір қайтадан минусқа жұмыс істеп отырмыз.”
Қазір продакшнда футзалдың трансляцияларымен де мәселе туындаған.
“Бізде қазір үлкен мәселе боп тұрған ол футзал. Біз футзалдың тендерін тамыз айында ұтып алғанбыз. Жақсы түсіріліп келе жатты, 2 ай жұмысымызды төлеп, 5 ай ақшамызды төлемей қойды.”
Еске салсақ, биылғы маусымда жанкүйерлер Қазақстан Премьер-Лигасы трансляцияларында есеп көрсеткіштерінің жоғалуы, командалар атауы мен матч минуты жазылмауы сияқты техникалық мәселелерді жиі байқаған.
Фото: ҚФФ.
Дереккөз: penalty.kz.














