Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Рим (Италия) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 10-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен бетпе-бет келді.
Қарсыластар осыған дейін жеті мәрте кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина басым түскен еді.
Бұл жолы Елена матчты сәтті бастады — 3:0. Содан кейін сетті тағы бір брейкпен бітірді — 6:2.
Екінші партияда есеп 2:2 болған мезетте Свитолина брейкпен алға кетті — 4:2. Оған осы брейк жеткілікті болды — 6:4.
Үшінші, шешуші сетте украиналық теннисші 3:0, 4:1 есебімен алға шықты. Рыбакина есепті барынша қысқарта алды — 3:4. Ақыры жеңіс Э.Свитолинаның еншісінде кетті — 6:4.
Екі сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 20 брейк-пойнттың тек төртеуін өз есебіне жазды. Свитолина 1 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.
Украиналық спортшы финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы, Польша өкілі Ига Швентекпен таласады. И.Швентек ширек финалда әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы ойсырата ұтты — 6:1, 6:2.
Е.Рыбакина енді Ролан Гаррос турниріне дайындалады.
Фото: internazionalibnlditalia / Instagram.














