Бұл тур ойындары 14 және 15 мамыр күндері өткізіледі.
Биыл түркістандық «Тұран», қарағандылық «Шахтер» және Жамбыл облысының «Тараз» командалары Премьер-лигаға берілетін жолдамадан басты үміткерлер қатарында саналады.
14 мамыр
- 14:00. «Тобыл-2» (Қостанай) — «Астана-2»
- 16:00. «Елімай-2» (Семей) — «Каспий-2» (Ақтау)
- 17:00. «Тұран» (Түркістан) — «Тараз»
15 мамыр
- 14:00. «Шахтер» (Қарағанды облысы) — «Ақтөбе-2»
- 16:00. «Академия Оңтүстік» (Шымкент) — «Қайрат-2» (Алматы)
- 16:00. «Арыс» (Түркістан облысы) — «Хан тәңірі» (Алматы)
- 17:00. «Жайық» (Орал) — «Батыр» (Павлодар облысы)
Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.
Қазір турнир кестесінде 13 ұпаймен «Шахтер» командасы келеді. Ал одан кейінгі орындардағы «Тұранның» 12, «Қайрат-2» клубының 11, «Тараз» бен «Академия Оңтүстіктің» 10 ұпайы бар.
Фото: «Шахтер» футбол клубы.














