Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды
Бір кездесудің нәтижесімен жеңімпаз командалар жарыстың келесі сатысына жолдама алды. Мұндай мүмкіндікке «Алтай», «Жеңіс», «Ордабасы» мен «Қайсар» ие болды.
«Ақтөбе» — «Алтай» 1:1, пенальтиден 3:4
«Жеңіс» — «Қызылжар» 2:0
«Ордабасы» — «Жетісу» 1:0
«Қайсар» — «Тобыл» 1:1, пенальтиден 5:4.
Енді жартылай финалда «Ордабасы» — «Алтай», «Қайсар» — «Жеңіс» финал жолдамасын сарапқа салады.
Бұл кезеңде жеңімпаз команда екі ойынның нәтижесімен анықталады.
Қазақстан кубогында басты фаворит ретінде белгіленген «Астана», «Қайрат» (Алматы), «Елімай» (Семей) командалары жарыс жолын 1/8 финалда аяқтады. Ендігі кезекте оған «Ордабасы», «Ақтөбе», «Тобыл» командаларының мүмкіндігі артып тұр.
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) — 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) 1 мәртеден жеңімпаз атанды.














