• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 12 мая, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты Астанада өтеді

Жарыс шетелдік жанкүйерлер мен елорда қонақтарының көптеп келуіне ықпал етеді

12/05/2026
in Енді не істейміз?
0 0
0
2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты Астанада өтеді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстан 2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізу эстафетасын ресми түрде қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясына сілтеме жасап, Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Әкімдіктің мәліметінше, халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) туын салтанатты табыстау рәсімі Лондонда өтіп жатқан қазіргі әлем чемпионаты алаңында ұйымдастырылды.

Осы сәттен бастап Қазақстан әлемдегі ең ірі халықаралық спорттық жарыстардың бірін ұйымдастырушы мәртебесін ресми түрде иеленді. Үстел теннисінен әлем чемпионаты 2027 жылғы 22-30 мамыр аралығында Астанада өтеді.

Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізетін мемлекет атанып отыр. Бұл — бүкіл өңір үшін тарихи жетістік. Осындай деңгейдегі турнирді өткізу отандық спортты дамытуға және елдің халықаралық беделін нығайтуға маңызды серпін береді.

Чемпионатқа спортшылар, жаттықтырушылар, ұлттық федерациялар өкілдері, төрешілер мен халықаралық делегаттарды қоса алғанда шамамен 1250 ресми адам келеді деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ жарыс шетелдік жанкүйерлер мен елорда қонақтарының көптеп келуіне ықпал етеді.

Жарыс бес санат бойынша өтеді: ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сын, ерлер мен әйелдер жұбы, сондай-ақ аралас жұптар бәсекесі.

Негізгі жарыс алаңы ретінде 8 мыңға жуық көрермен сиятын «Барыс Арена» мұз сарайы таңдалды. Қосымша алаң ретінде 6,8 мың адамға арналған QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешені пайдаланылады.

Чемпионат аясында Астанада ITTF Summit 2027 іс-шарасы да ұйымдастырылады. Оның құрамына Халықаралық үстел теннисі федерациясының жыл сайынғы Бас ассамблеясы (AGM) мен Атқару комитетінің отырыстары кіреді.

«Астанада әлем чемпионатының өтуі — Қазақстанда үстел теннисінің дамып, жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын көрінісі.

Бұл біз үшін әлемдік деңгейдегі турнир өткізіп қана қоймай, еліміздің халықаралық спорт аренасындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ұйымдастыру комитеті.

2027 жылғы әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім 2025 жылғы 27 мамырда Қатардың Доха қаласында өткен ITTF бас ассамблеясында қабылданған болатын. Турнирді өткізу құқығына Қазақстаннан бөлек Франция, АҚШ, Қытай және Бразилия үміткер болды.

Финалда Қазақстан 54,68 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

— Туды Қазақстанға табыстау — елге алдағы әлем чемпионатының иесі ретінде көрсетілген сенімнің белгісі. Біз Астананың ұйымдастыру жұмысын жоғары деңгейде өткізіп, әлемдік үстел теннисіне лайықты алаң болатынына сенімдіміз, — деп мәлімдеді Халықаралық үстел теннисінің федерациясы (ITTF).

Фото: Астана қаласының әкімдігі.

Tags: Қазақстан теннис федерациясыүстел теннисі
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Ұлттық құрамамыз Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Ұлттық құрамамыз Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ұлттық құрамамыз Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Ұлттық құрамамыз Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді

12/05/2026
2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты Астанада өтеді

2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты Астанада өтеді

12/05/2026
ҚПЛ-де бір бас бапкер отставкаға кетті

Қазақстандық теннисші Испанияда финалға шықты

12/05/2026
ҚПЛ-де бір бас бапкер отставкаға кетті

Рыбакина Римде әлемнің экс-бірінші ракеткасын ойсырата жеңді

12/05/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Ұлттық құрамамыз Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Ұлттық құрамамыз Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді

12/05/2026
2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты Астанада өтеді

2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты Астанада өтеді

12/05/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In