• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 29 апреля, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

“Өмірімдегі ең үздік матч”. “ПСЖ” — “Бавария” матчынан кейін кім не деді?

Чемпиондар лигасының 1/2 финалының алғашқы кездесуінде 9 гол соғылды

29/04/2026
in Футбол, Чемпиондар Лигасы
0 0
0
“Өмірімдегі ең үздік матч”. “ПСЖ” — “Бавария” матчынан кейін кім не деді?
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Париж төрінде өткен бұл матчта алаң иелері “ПСЖ” 5 гол соқса, Германия чемпиондары 4 голмен жауап қатты, деп жазады aladop.kz.

Ойыннан кейін қос команданың бапкерлері мен ойыншылары бұл тарихи матч жайлы өз ойларымен былайша бөлісті:

Луис Энрике:

«Мен мұндай қарқын мен физикалық деңгейді бұрын-соңды көрмегенмін. Барлығын құттықтауымыз керек. Біз бүгін жеңіске де, тең ойынға да, жеңіліске де лайықты болдық. Бұл керемет ойын болды. Альянц Арена — бізге өте көп жағымды естеліктер сыйлаған стадион; біз алғашқы Чемпиондар лигасын сонда жеңіп алғанбыз. «Бавария” өз жанкүйерлерімен бірге болады, біз де сондай мінез көрсетеміз. Ол жаққа жеңіс үшін барамыз. Мен мұндай жылдамдықты ешқашан көрмеппін, бұл менің бапкерлік карьерамдағы ең үздік матч болғанына күмән жоқ. Баршаңызды құттықтаймын.»

Винсент Компани:

«Бұл ойынды тамашалағым келген орын емес еді. Мен Луис Энрикеге оның ойындарды мұнда отырып көргенді қалай ұнататынын түсінбейтінімді айттым. Маған бүгінгі команданың рухы ұнады. Бұл футболды сүйетін жандарға арналған ойын болды. Әдетте жартылай финалда 5 гол жіберіп алсаң, жарыстан шығып қаласың. Бірақ біз 4 гол соқтық, тіпті одан да көп салуымыз мүмкін еді. Есеп 5-2 болғанда қиын болар еді, бірақ қазір бұл негізінен 1-0 сияқты. Келесі аптада Альянц Аренадағы атмосфера алапат болады. Біз жеңуіміз керек екенін білеміз. Біз бар күшімізді саламыз, тіпті алаңда өліп кетсек те, қолда бардың бәрін береміз. Біз сенеміз.»

Усман Дембеле:

«Біз — шабуылдағысы келетін екі жақпыз. Біз өз философиямызды өзгертпейміз. Біз де, олар да шабуылдағымыз келеді, сондықтан қарымта матчта да тамаша ойын болады деп ойлаймын. Ойын соңына қарай сәл босаңсып қалдық. «Бавария» — үздік команда. Бұл сенгісіз ойын болды, енді финалға жолдама алу үшін Мюнхенге жеңіс үшін барамыз.»

Витинья:

«Бұл менің өмірімдегі ең үздік матч болды.»

Маркиньос:

«Ол жақтағы ойын да осындай болады — жеңіске жетіп, гол соққысы келетін екі команда арасындағы ессіз ойын. Біз ол жаққа да осындағыдай рухпен, осындай мінезбен барып, керемет жұмыс атқаруымыз керек.»

Харри Кейн:

«Келесі аптада кім өз мүмкіндіктерін пайдаланады, сол жеңеді. Бүгін көптеген сәттер болды, келесі аптада да солай болатын шығар. Сондықтан, өз үйімізде жанкүйерлеріміздің қолдауымен алға басамыз деп үміттенеміз. Бізде соңғы паста немесе соққыда жинақылық жетіспеген сәттер болды. Ойын жүре келе, әсіресе олар шаршай бастағанда біздің жақсара түскенімізді сезіндік. Біз дәл осындай қарқынмен ойнауымыз керек. Келесі аптада бұдан да көбірек күш қажет болады. Жалпы, бізде ойын тағдырын ертерек шешіп тастайтын сәттер болды. Сондықтан есепті 5-4-ке жеткізгенімізді мақтан тұтамыз, өйткені қонақта 5-2-мен ұтылып жату өте қиын жағдай. Бірақ біз соңына дейін күрестік және тартысқа қайта оралдық».

Қос команда арасындағы жауаптық матч 7-ші мамыр күні Мюнхендегі Альянц Арена стадионында өтеді.

Tags: UEFA Чемпиондар лигасыБавария МюнхенПСЖФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

“Өмірімдегі ең үздік матч”. “ПСЖ” — “Бавария” матчынан кейін кім не деді?

“Өмірімдегі ең үздік матч”. “ПСЖ” — “Бавария” матчынан кейін кім не деді?

29/04/2026
«Қайраттың» бапкерін беларусь маманы алмастыруы мүмкін

«Қайраттың» бапкерін беларусь маманы алмастыруы мүмкін

29/04/2026
Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында жеңіске жетті

ПСЖ мен «Бавария» тоғыз гол соқты

29/04/2026
Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында жеңіске жетті

Елена Рыбакина Соболенкоға жақындай түсті

29/04/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

“Өмірімдегі ең үздік матч”. “ПСЖ” — “Бавария” матчынан кейін кім не деді?

“Өмірімдегі ең үздік матч”. “ПСЖ” — “Бавария” матчынан кейін кім не деді?

29/04/2026
«Қайраттың» бапкерін беларусь маманы алмастыруы мүмкін

«Қайраттың» бапкерін беларусь маманы алмастыруы мүмкін

29/04/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In