Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IB дивизионындағы алғашқы ойынын Латвияға қарсы өткізді.
Отандастарымыз 12-18 сәуір аралығында Испанияда Латвия, Нидерланд, Испания, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиямен шеберлік байқасады.
Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер бірінші кезеңде алғашқы болып есеп ашты. Одан кейін латвиялық хоккейшілер үшінші кезеңде екі шайба соқса, оған отандастарымыз бір шайбамен жауап берді.
Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталмай, буллит сериясынан Латвияның жолы болды.
Қазақстан — Латвия 2:3 Б (1:0, 0:0, 1:2, 0:0, 0:1)
1:0 — Муравьёва (Куценко, Мескини) — 06:25
1:1 — Силаяне (Рулле) — 50:05 ГБ
2:1 — Шегай (Молдабай, Оразбаева) — 52:54
2:2 — Таубе (Рулле) — 53:53
Қақпашылар: Щёколова — Апсите
Алдағы ойындар кестесі
13 сәуір. 19:30. Нидерланд — Қазақстан
15 сәуір. 23:00. Испания — Қазақстан
17 сәуір. 19:30. Қазақстан — Оңтүстік Корея
18 сәуір. 19:30. Ұлыбритания — Қазақстан.
Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо»), Арина Щеколова, Полина Говтва (екеуі — «Томирис»)
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы — «Томирис»), Катрин Мескини Полина Яковлева («Торпедо»), Аида Олжабаева, Мәдина Тұрсынова, Анна Пяткова («Айсұлу»);
Шабуылшылар: Мәлика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (барлығы — «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы («Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай барлығы — «Томирис»), София Муравьева («Айсұлу Таңдаулы»).
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы.














