Қазақстан Премьер-лигасының V туры мәресіне жетті.
Бұл турдағы соңғы ойынды «Ақтөбе» — «Каспий» (Ақтау) командалары түйіндеді.
Ақтөбелік клуб биылғы біріншілікті сәтсіз бастады. Алғашқы төрт турда небәрі төрт ұпай жинаған команда енді әрбір кездесуде үш ұпай олжалауға күш салатыны анық.
Кездесу барысында олар алғашқы минуттан жылдам соғатын мүмкіндікті іздеді. Дегенмен ақтөбелік клуб «Каспий» қақпасына пенальтиден гол соқты. Оны шабуылшы Артур Шушеначев мүлтіксіз орындай білді.
Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
11 сәуір
«Атырау» — «Қайсар» 2:0
«Жетісу» — «Елімай» 0:1
«Тобыл» — «Қайрат» 1:1
«Астана» — «Ордабасы» 1:1
12 сәуір
«Оқжетпес» — «Ертіс» 2:1
«Алтай» — «Ұлытау» 1:2
«Қызылжар» — «Жеңіс» 4:0
«Ақтөбе» — «Каспий».
Енді алдағы тур ойындары 18 және 19 сәуір күндері өткізіледі.
Алдымен 18 сәуірде «Ертіс» пен «Жетісу», «Елімай» мен «Астана», «Ордабасы» мен «Оқжетпес» шеберлік байқасады.
Ал 19 сәуірде «Ұлытау» мен «Тобыл», «Атырау» мен «Қызылжар», «Қайсар» мен «Алтай», «Жеңіс» пен «Ақтөбе» ойнайды.
Бұл турдағы «Қайрат» пен «Каспий» кездесуі 5 қыркүйекке шегерілді.
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы.














