• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 9 апреля, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

90 минутта 2,7 млн теңге. Қателіктер үшін миллиондар төлеуді қашан тоқтатамыз?

Толығырақ мақалада

09/04/2026
in Ей, бұларың не?, Футбол
0 0
0
Қазақ футболшылары неге көрші елге кетіп жатыр?
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстан Премьер лигасының 2026 жылғы маусымы басталмай жатып, төрешілер төңірегіндегі шу ушыға түсті. Федерацияның ресми мойындаған қателіктері, VAR жүйесінің негізсіз араласуы және жекелеген мамандардың жұмыстан шеттетілуі футбол жұртшылығының наразылығын тудырды. Осы орайда көпшілікті мазалайтын басты сұрақ: матч тағдырын шешетін әділ қазылардың қызметі қаншалықты бағаланады? Осы тұста Aladop.kz ҚПЛ-дегі төрешілердің нақты табысын есептеп, алғашқы турлардағы кадрлық құрамға талдау жасап көрді. Бір ойынға жұмсалатын 2,7 миллион теңге шығын мен төрешілердің сапасы арасында қандай байланыс бар?

Соңғы күндері Қазақстан Премьер лигасы төңірегіндегі төрешілік дауы айтарлықтай өршіп кеткені белгілі. Бұған Қазақстан футбол федерациясының өткен 4-турдағы жекелеген эпизодтарға қатысты арнайы түсіндірме жариялауы негіз болып отыр. Аталған мәлімдемеде бірқатар төрешілік шешімдер қате деп танылып, Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова ұлттық жарыстардағы матчтарға қызмет көрсетуден уақытша шеттетілді. Федерация тарапынан бұл шешімнің себебі ретінде соңғы турда жіберілген, матч барысы мен нәтижесіне тікелей ықпал еткен елеулі қателіктер көрсетілді.

Одан бөлек, 2-ші және 4-ші турлардан кейін бірнеше эпизод бойынша төрешілердің қорытынды шешімдері қате деп танылды. Мәселен, 2-турдағы “Қайсар” – “Астана” матчында екінші сары қағаздың көрсетілмеуі, сондай-ақ “Каспий” – “Оқжетпес” ойынында VAR жүйесі араласуы тиіс пенальти эпизодының ескерусіз қалуы қателік ретінде көрсетілді. 4-турдағы “Ордабасы” – “Атырау” кездесуінде VAR-дың негізсіз араласуы, қате тағайындалған пенальти мен қате көрсетілген қызыл қағаз туралы ресми түсіндірме берілді. Осыған байланысты, “ҚПЛ төрешілеріне қанша жалақы төленеді?” деген сұрақтың туындауы сөзсіз.

Сонымен әділ қазыларлың жалақысы қанша? Қазақстан футбол федерациясының төрешілік департаменті тарапынан матчтарға тағайындаулар, даулы сәттерге берілген түсіндірмелер және жекелеген тәртіптік шешімдер ашық жарияланып отыр. Алайда төрешілердің нақты тарифтік кестесі федерацияның ресми жаңалықтар бетінде жарияланбағандықтан, бұл мәліметтер наурыз айында спорттық БАҚ беттерінде жарық көрген деректерге негізделеді.

ҚПЛ төрешілері қанша алады?

Бүгінгі таңда ҚПЛ матчтарына қызмет көрсететін төрешілердің еңбегі келесідей мөлшерде бағаланады: бас төрешінің бір ойын үшін алатын гонорары 713 514 теңгені құрайды. Төрешінің көмекшілеріне 396 396 теңге көлемінде ақы төленсе, VAR төрешісінің қызметі 339 768 теңгеге бағаланған. Ал резервтегі төрешінің бір матч үшін алатын сыйақысы 108 900 теңгені құрайды.

Егер ҚПЛ матчына қызмет көрсететін негізгі төрешілер бригадасы мен VAR тобының — атап айтқанда, бір бас төреші, екі көмекші, бір қосалқы төреші, сондай-ақ VAR, AVAR мамандары мен VAR операторының — еңбекақысы толық есептелсе, бір ойынға жұмсалатын сома шамамен 2 347 234 теңгені құрайды.

Бұл көрсеткішке инспектор мен делегаттың ақысы қосылған жағдайда, ресми матчтық төлемдердің жалпы жиынтығы шамамен 2 752 060 теңгеге жетеді.

Әрине, төрешіге төленетін 713 мың теңге өте қомақты сома. Алайда жүйенің өзіндік ерекшелігі — бұл сома тұрақты айлық жалақы емес, тек нақты тағайындауларға байланысты төленетін матчтық табыс болып табылады.

Төрешінің нақты табысы оның маусым ішіндегі кәсіби деңгейіне, спорттық бабына және сенім рейтингіне қарай қанша матч алатынына, сондай-ақ қандай рөлде қызмет көрсететініне тікелей байланысты болады. Қазақстан футбол федерациясының тағайындау парақтарына сәйкес, бір маманның әр турда әртүрлі рөлге ауысып отыратыны байқалады, бір аптада бас төреші қызметін атқарған маман, келесі ойында VAR немесе AVAR ретінде тағайындалуы мүмкін. Сондықтан төрешілердің табысы тұрақсыз әрі құбылмалы деп есептеледі.

ҚПЛ 2026-да қанша төреші бар?

Бұл жерде маңызды бір жайтты ескеру қажет, Қазақстан футбол федерациясы тарапынан ҚПЛ-2026 төрешілерінің толық біріктірілген тізімі ашық жарияланбаған. Осыған байланысты, төрешілер құрамын анықтаудың ең сенімді жолы ретінде ресми тағайындауларға талдау жасап, алғашқы бес турдың ресми тағайындауларындағы барлық фамилияларға есептеу жүргізудің нәтижесінде 5-турға дейінгі матчтарға кемінде 75 бірегей тұлға төрешілер құрамында тартылғаны анықталды. Айта кететін нәрсе, бұл сан рөлдер бойынша нақтыланғанда өзгеріп отыруы мүмкін, себебі бір маман бір турда бас төреші қызметін атқарса, келесі турда VAR немесе AVAR ретінде тағайындалған.

Ресми тағайындауларға жасалған талдау негізінде ҚПЛ-дің алғашқы бес турында кемінде 17 бас төреші, 33 қапталдағы көмекші, 20 резервтегі төреші, сондай-ақ 22 VAR және 21 AVAR маманының қызметі пайдаланылғаны анықталды.

Жүйе қайда бара жатыр?

Қазақстан футбол федерациясы тарапынан төрешілік сапасын арттыру мақсатында VAR жүйесін қолдану аясын кеңейту мәселесі ресми түрде көтерілді. Қаңтар айының соңында федерация Бірінші лига төрешілеріне арналған VAR оқу бағдарламасын іске қосты. 2026 жылдың соңына дейін Бірінші лигада қызмет ететін барлық төрешілердің VAR лицензиясынан өтуі жоспарланған.

Бұл қадам жүйедегі мәселелерді жанама түрде мойындау ғана емес, сонымен қатар кадрлық базаны нығайтуға бағытталған талпыныс ретінде бағаланады. Дегенмен, кадр санының артуы Премьер лига төңірегіндегі сенім мәселесін бірден шеше қоймайтыны анық. Ол үшін кәсіби сапа, шешімдердің ашық түсіндірілуі және жауапкершілік тетіктерінің қатар жүруі талап етіледі.

Түйіндей келгенде, Қазақстан Премьер лигасындағы төрешілердің матчтық гонорары айтарлықтай қомақты соманы құрайды. Дегенмен, қазіргі уақытта қоғамда туындаған наразылық төлем мөлшеріне емес, сол қаражатқа сай көрсетілетін қызмет сапасына бағытталып отыр.

Ресми тағайындауларға жасалған есептеулер бойынша, ҚПЛ 2026 маусымының алғашқы бес турында төрешілік жүйесіне кемінде 75 бірегей тұлға тартылған. Бұл тізімге кемінде 17 бас төреші, 33 көмекші, 20 қосалқы төреші, сондай-ақ 22 VAR және 21 AVAR маманы енген. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, бір ойынға қызмет көрсететін төрешілер мен VAR тобының шығыны шамамен 2,35 млн теңгені, ал инспектор мен делегатты қосқанда жалпы сома 2,75 млн теңгені құрайды.

Соңғы апталардағы ресми түсіндірмелер мен төрешілердің қызметтен уақытша шеттетілуі бұл мәселенің жай ғана клубтық реніш деңгейінен асып, ҚПЛ-дегі басқару сапасына қатысты маңызды сұраққа айналғанын айғақтайды.

Фотода: Санжар Ысқақов & Татьяна Сорокопудова.

Tags: қазақ футболыҚазақстан футбол федерациясыҚПЛтөрешілер
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Бүгін UEFA Еуропа лигасының ¼ финалы ойналады

Бүгін UEFA Еуропа лигасының ¼ финалы ойналады

09/04/2026
Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан боксшылары жалпы командалық есепте Өзбекстанды басып озды

09/04/2026
Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

09/04/2026
Қазақ футболшылары неге көрші елге кетіп жатыр?

90 минутта 2,7 млн теңге. Қателіктер үшін миллиондар төлеуді қашан тоқтатамыз?

09/04/2026

Ең көп оқылған

Бүгін UEFA Еуропа лигасының ¼ финалы ойналады

Бүгін UEFA Еуропа лигасының ¼ финалы ойналады

09/04/2026
Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан боксшылары жалпы командалық есепте Өзбекстанды басып озды

09/04/2026
Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

09/04/2026
Қазақ футболшылары неге көрші елге кетіп жатыр?

90 минутта 2,7 млн теңге. Қателіктер үшін миллиондар төлеуді қашан тоқтатамыз?

09/04/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Бүгін UEFA Еуропа лигасының ¼ финалы ойналады

Бүгін UEFA Еуропа лигасының ¼ финалы ойналады

09/04/2026
Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан боксшылары жалпы командалық есепте Өзбекстанды басып озды

09/04/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In