Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 7 сәуірде жартылай финалда ел құрамасынан Айгерім Сәттібаева жекпе-жек өткізді.
Отандасымыз жарыстың бұл сатысында моңғолиялық Номундари Енх-Амгаланмен қолғап түйістірді.
Қос спортшы да рингтің ортасын иеленуге тырысып, алма-кезек шабуылдаумен болды. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша, төрешілер 5:0 есебімен Номундари Енх-Амгаланды жеңімпаз деп таныды.
Әйгерім бұдан бұрын әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері, өзбекстандық Сабина Бобокулованы қапы қалдырған еді.
Енді ел құрамасынан күндізгі сессияда 6-жұпта Сабыржан Аққалықов (75 келі) моңғолиялық Далай Ганзориг, 7-жұпта Нұрбек Оралбай (85 келі) тағы бір моңғолиялық Бариахаан Доржбен қолғап түйістірсе, 9-жұпта Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) түркіменстандық Довлет Исламовпен шаршы алаңға шығады.
Қазақстандық екі боксшы 14:00–де басталатын кешкі сессияда сынға түседі. Алдымен 3-жұпта Оразбек Асылқұлов (60 келі) өзбекстандық Әбдірахмон Махмуджонов, 8-жұпта Сағындық Тоғамбай (90 келі) өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездеседі.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы.














