Хальзова жартылай финалда тоқтады
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Валентина Хальзова жартылай финалда Қытай өкілі Бао Цзыимен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Цзыи Бао 3:1 есебімен жеңімпаз деп танылды.
Айта кету керек, жекпе-жектің алғашқы екі раундында қазақстандық боксшы басымдық танытқан:
- 1-раунд: 5:0
- 2-раунд: 3:2
Алайда шешуші сәттерде қарсыласы нәтижені өз пайдасына бұрды.
Айта кетейік, Валентина Хальзова турнирдің алдыңғы кезеңінде сенімді өнер көрсеткен еді. Ол Оңтүстік Корея боксшысы Суён Сонды 2-раундта мерзімінен бұрын жеңді.
Турнир туралы
Азия чемпионаты-2026 10 сәуірге дейін жалғасады.
Фото: Sports24.kz.













