Семейлік балуан бірінші белдесуде бірнеше нәтижелі әдіс жасап, 7:0 ұпайымен алға шықты. Екінші кезеңде оңтүстіккореялық споршы төрттағанда бір ұпай иеленіп, есеп айырмасын қысқартуға тырысты. Дегенмен, белдесу отандасымыздың пайдасына шешіліп, келесі кезеңге өтіп отыр.
130 келіде Джохар Уразов ширек финалда Жапония балуаны Юта Нарамен күресті. Бастапқыда 3:0 есебімен алғаш шыққан ауыр салмақтағы соспортшымыз сын сағатта қарсыласына 3 ұпай беріп, жартылай финалдан тыс қалды.
Сонымен бірге, 63 келіде Сайфулла Құрман екінші белдесуінде Түркменстан балуаны Азатжан Ачиловқа жол беріп, жартылай финалға шыға алмады.
Айта кетейік, аталған Азия чемпионатына күрес түрлерінен ҚР ұлттық командасының балуандары толық құраммен қатысып жатыр.
Фото: ҰОК.














