Екінші лигаға жаңа команда қосылды
2026 жылғы маусымда Екінші лига құрамына тағы бір клуб қосылды. «ВПР» — ресми түрде лицензия алып, чемпионатқа қатысуға рұқсат алды.
«Екібастұз» жаңа атаумен өнер көрсетеді
«Бұдан бөлек, Бірінші лигада өнер көрсететін “Екібастұз” клубы “Батыр” деп атауын өзгертті», — делінген ресми хабарламада.
Клуб тарихына көз жүгіртсек 2003 жылы құрылып, 2007 жылға дейін «Энергетик» атауымен өнер көрсеткен. Бірінші лигада 2005 жылы чемпион атанған. 2010 жылдан бастап атауын “Екібастұзға” өзгерткен. Бір қызығы, Екібастұз қаласында 1993,1998 жылдары Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған «Батыр» атты футбол командасы болған.
Өткен маусымда команда Бірінші лигада 10-орын алған. Өз қаласында өтетін турнирлерді 6 300 көрерменге арналған “Шахтер» стадионында қабылдайды. Бас бапкер – Виталий Спарышев. Бүгін “Батыр” турнирдің бірінші кезеңінде “Тараз” клубымен кездеседі.
“SD Family” чемпионаттан бас тартты
Ал “SD Family” клубы екінші лигадағы маусымнан ресми түрде шықты. Клуб шешімі жарысты ұйымдастырушыларға хабарланған, енді турнир кестесіне өзгерістер енгізіледі. 2026 жылдың басында команда Бірінші лигадан өз еркімен кеткен , ал өткен маусымда 23 ұпай жинап, 11-орын алған.
Сонымен қатар, 2026 жылы Екінші лигада бірнеше жаңа команда дебют жасайтыны белгілі болды:
- «Хромтау» (Ақтөбе облысы)
- «Қаршыға» (Алматы)
- «Ансат» (Ақсу, Павлодар облысы)
Қазақстан Кубогы-2026 турнирінде әуесқой клубтарға да мүмкіндік берілді. Турнирге «ZHELAYEV NAN», «BKS» командалары қатысады. Олар — әуесқойлар арасындағы жарыс жеңімпаздары.
Фото: «Батыр» ФК.














